Қашықтық жұмыс жағдайларында ата-аналар
(заңды өкілдерінің) балаларға кеңес беру және тексеру бойынша
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің (ПМПК)
ата-анасының (заңды өкілдерінің) бірлескен іс-қимыл
Алгоритмі
Схемасы
Ата-аналар (заңды өкілдері) ПМПК
ПМПК
1. Ата-анасының (заңды өкілдерінің) баланың психофизикалық денсаулығын бағалау үшін балаларды тексеруден өту қажеттілігі туралы, ПМПК қашықтықтан тексерілуден өту ұсынады.
2. Қашықтықтан тексеруге ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келіспеген жағдайда тіркеу журналында фактіні тіркейді және төтенше жағдай режимін күші жойылғаннан кейін штаттық режимде тексеру өткізуді ұсынады.
3. Қашықтықтан тексеруге өтуге келіскен жағдайда ПМПК ата-аналарының (заңды өкілдерінің) байланыс деректерін электрондық түрде (аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) сұратады.
4. Ата-аналар (заңды өкілдерінің) электрондық поштасына қашықтықтан тексерілуден өтуге келісім үлгісін жібереді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет құжаттар тізбесі стандарт талаптарына сәйкес «Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру және тексеріп көмек көрсету».
5. Ата-анасынан (заңды өкілдерінің) 4-тармақта көрсетілген электрондық түрде құжаттар топтамасын алады.
6. Ата-аналардың (заңды өкілдер) ұсынылған құжаттардың толықтығын және мемлекеттік қызмет стандарт талаптарына сәйкестігін тексереді.
7. Мемлекеттік қызмет стандартының талаптарына және құжаттардың толық болмауы немесе сай келмеуі анықталған жағдайда ата-анасына (заңды өкілдерінің) хабарлайды осы факт туралы талаптарға сәйкес қайтадан құжаттар пакетін ұсынуды сұрайды.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес құжаттарды алған жағдайда, балан тексеру жүргізу күні мен уақытын анықтайды.
9. Ата-аналарды (заңды өкілдерді) баланы тексеруге дайындау бойынша онлайн-платформа арқылы жүзеге асырылатын байланыс бейнеконференция режимінде күні мен уақытын және атауын көрсете отырып, электрондық түрде ата-аналарға (заңды өкілдерінің) жадынамалар жөнелту арқылы хабарлайды.
10. Баланың психофизикалық жай-күйін, қалыптастыру үшін зерттеу әдістемесін таңдау мақсатында ата-аналардың (заңды өкілдерімен) электрондық түрде жіберілген құжаттарымен ПМПК-ның мамандары алдын-ала ұсынылған құжаттардың мазмұнымен танысады.
11. Белгіленген уақытта ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) бейнеконференция режимінде байланыс орнатады, баланы қашықтықтықтан тексеру және жүргізілу барысын таныстырады.
12.Тексеру басталмай тұрып алдын ала танысуға ұсынылған құжаттармен туындаған мәселелер бойынша ПМПК-ның мамандары алдын-ала ата-аналармен (заңды өкілдерімен) әңгіме жүргізеді.
13. баланың психофизикалық жағдайын әдістемелік ұсынымдарға сәйкес (оқу-әдістемелік құрал " Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы психологогиялық-медииналық -педагогикалық тексеру " / под общ. ред. к. пед.н. Р. А. Сүлейменова, Алматы, 2014 ж.) баланың дербес деректерін сақталуын қамтамасыз ететін бейнежазба үзінділерін тексеруді өткізе отырып, ПМПК тобы тексеру жүргізеді.
14. Тексеру аяқталғаннан кейін ата-аналарға (заңды өкілдеріне) бейнеконференциядан уақытша шыға тұруды ұсынады, тексеру қорытындысы бойынша талқылау жүргізу үшін).
15. ПМПК құрамы алқалы талқылау жүргізіп, пікір алмасады қорытынды ресімдеу үшін ұсыныстар айтылады және балалардың ата-аналарына (заңды өкілдерге) ұсыныстар әзірленеді.
16. Ата-аналарды (заңды өкілдерінің) бейнеконференция режиміне жаңадан қосып және оларды тексеру нәтижелерімен таныстырады.
17. Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) баланың әрі қарай оқу түріне сәйкес білім беру ұйымының таңдауға ПМПК мамандарының ұсынымдарымен ұсынады.
18. Жалпы білім беретін мектепті таңдаған жағдайда баланың әрі қарай оқуын ресімдейді, содан кейін электрондық түрде ата-аналарына (заңды өкілдеріне) баланың қорытынды тексеру бойынша қорытынды береді.
19. Баланың әрі қарай оқуына арнайы білім беру ұйымын таңдау жағдайында ата-аналарына (заңды өкілдеріне) электрондық түрде баланың қорытындысы және жолдама береді және (мемлекеттік қызмет стандарты талаптарына сәйкес ресімделген беру «мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдар медициналық, арнаулы білім және арнаулы әлеуметтік қызметтерді бағыттары үшін») үлгідегі білім беру ұйымдары көрсете отырып ресімдейді.
20. Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) мектеп немесе басқа үлгідегі білім беру ұйымының бала туралы мәліметтері, байланыс деректері, (басшының тегі, аты-жөні; телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, сайт атауын) ұсынады.
Ата-аналар (заңды өкілдері)
1. ПМПК-ға қашықтықтан баланы тексеріп, кеңес алу үшін жүгінеді.
2. Қашықтықтан тексеруден өтуге өзінің келіспейтіні туралы ПМПК-ға хабардар етеді, кейін штаттық режимде ПМПК-дан тексеруден өту үшін шақыру күтеді.
3. Қашықтықтан тексерілуден өтуге келісім берген жағдайда баланың байланыс деректерін электрондық түрде (аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) ПМПК-ға ұсынады.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың талаптарына сәйкес ПМПК дан қашықтықтан тексерілуден өтуге келісім үлгісін және құжаттар тізбесін электрондық түрде алады және «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беріп, көмек көрсетеді және тексереді».
5. 4-тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын дайындайды және электрондық түрде ПМПК-ға жібереді.
6. ПМПК-дан ұсынылған құжаттарды толық немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес еместігі туралы хабарламаның алған жағдайда талаптарға сәйкес қайтадан құжаттар топтамасын жібереді.
7. Егер ұсынылған құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарға сәйкес келсе электрондық түрде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) баланы тексеру дайындау бойынша онлайн-платформа арқылы жүзеге асырылатын байланыс атауын көрсете отырып хабарлама күні мен уақыты туралы ПМПК- ға жібереді.
8. ПМПК тағайындалған уақытта бейнеконференция режимінде байланыс орнатады, қашықтықтан тексеру өткізу барысы туралы нұсқама алады.
9. ПМПК мамандарымен консультация барысында алдын ала танысуға ұсынылған құжаттармен туындаған мәселелер бойынша әңгімелеседі.
10. ПМПК мамандарына тексеру жүргізу кезінде жәрдем көрсету.
11. Тексеру аяқталғаннан кейін ПМПК мамандарының өтініші бойынша бейнеконференциядан шығады, ПМПК мамандары қорытындыларын талқылап, тексеру үшін.
12. ПМПК-ның шақыруы бойынша бейнеконференция режиміне жаңадан кіріп, тексеру нәтижелерімен танысады.
13. ПМПК мамандарының ұсынымдарын ескере отырып, білім беру ұйымының типін одан әрі оқу үшін таңдайды.
14. Бала әрі қарай жалы білім беретін оқуды таңдаған жағдайында қорытынды тексеру бойынша электрондық түрде қорытынды алады.
15. Әрі қарай бала арнайы білім беру ұйымының таңдау жағдайында білім беру ұйымдарын және бағытын көрсете отырып электрондық түрде қорытынды алады.
16. ПМПК мамандарынан мектеп немесе басқа үлгідегі білім беру ұйымының байланыс деректері, мәліметтер туралы (басшының тегі, аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, сайт атауы)ала алады.
Ескертпе: балалардың дербес деректерін құпиялылығын және сақталу дәрежесін арттыру үшін ПМПК мамандарына жауапты қызметкерлерін мүмкіндігімен жеке электрондық пошта мекенжайы құру ұсынылады, ПМПК басшының бұйрығымен.
Әзірлеушілер: Ибраев М.У.,
Саяси ғылымдарының кандидаты
Ақмола облысы,
инклюзивті білім беруді
дамыту бойынша
үйлестіру кеңесінің төрағасы,
Ескендирова С.Б.,
бірінші категориядағы педагог-психолог,
15. 04. 2020 ж. мұғалім-дефектолог/педагог-модератор