«Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ-де кеңес алу кезінде ата-аналар (заңды өкілдер) біле алады:
- баланың дамуы: берілген жас кезеңінде кездесетін күшті жақтары, қиындықтары;
- сөйлеудегі қиындықтар, когнитивті даму, коммуникативтік дағдылар, әлеуметтену мен бейімделудегі қиындықтар.
Кеңестің мақсаты - оқыту бағдарламасын анықтауда, арнайы білім беру ұйымдарында түзету көмегін көрсетуде, инклюзивті білім беруде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде атаулы көмек көрсету бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету.
«Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» КММ-не хабарласу (тіркелу) үшін біздің веб-сайтта көрсетілген байланыс ақпаратын пайдалануды ұсынамыз, www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы ПМПК-да тіркелуге болады. Ол үшін «Отбасы» бөлімінде «Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер беру және тексеру» электронды мемлекеттік қызметін таңдап, электронды сұраныстың өрістерін толтырып, сұралған құжаттар пакетін тіркеу қажет.
ПМПК екі жұмыс күні ішінде сіздің электронды сұрауыңызды өңдейді (тексереді, тіркейді) және психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерістің күні туралы хабарламаны сіздің «жеке кабинетіңізге» жібереді.