Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес ата-аналарды оқыту бағдарламасын (CST-Caregiver Skills Training) енгізудің 47-тармағының 4-тармақшасы, Ақмола облысы білім басқармасының "Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі" КММ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған үй бағдарламасы бойынша жеке кеңесі жүзеге асырады, мамандардың ұсынымдарын әзірлейді.
Ата-аналарға кеңес беру сапасын жақсарту мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының "ОПМПК" КММ бастамасымен "Болашақ" корпоративтік қорының директоры, Божақ Азамат Әбдібекұлының қолдауымен АҚ ББ "ОПМПК" КММ мамандарын, мектеп мұғалімдерін, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің педагогтарын, " Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, азаматтық хал актілерін тіркеудің әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" ММ ","Инклюзияға қадам" ЕББ бар балаларды дамыту орталығы, аутизм спектрі бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды оқыту жүргізілді.
"Баланы дамытуды үйрену" бағдарламасы Қазақстанда балаларды ерекше білім беру қажеттіліктерімен тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған ДДҰ бағдарламасының бейімделген нұсқасы немесе "Caregiver Skills programme for Families of Children with Developmental Disodes or Delays" қысқаша "CST бағдарламасы" болып табылады
Бағдарлама мінез-құлықты, даму ғылымын, әлеуметтік коммуникация іс-шараларын, оң тәрбие мен өзіне-өзі қызмет көрсету әдістерін қолданбалы талдау принциптерін қолданады.
"Болашақ" корпоративтік қорының жаттықтырушысы Қизатова Әсия Әмірханқызы, мінез –құлық талдаушысы, ABA-терапия бойынша аутизм спектрі бұзылған балалармен жұмыс істейтін ресурстық сыныптардың кураторы негізгі дағдыларды, бірлескен зейінді, PRT (Pivotal Respouse Treatment) символдық ойынын, қатысу мен реттеуді, JASPER (Joint Attention. Symbolik, Play Engagement and Regulation) және басқалары.