Ақмола облысы білім басқармасының "Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" КММ
КГУ «Областная психолого-медико-педагогическая консультация» управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кемтар балаларды қолдаудан аянбайық

22.06.2017

Кемтар

балаларды қолдаудан аянбайық

ОПМПК әлеуметтік педагогы

Д.Ғ.Айтмағанбетова

Қазақстан Республикасының

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа 

арнаған «Әлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту – Қазақстан дамуының 

басты бағыты» атты биылғы Жолдауында  

мүмкіндігі шектелген, әлеуметтік осал балаларды әлеуметтік-педагогикалық

қолдау    мәселесіне ерекше көңіл бөліп,

білім беру қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. Осы үдерісті жүзеге

асыру барысында Ақмола облыстық білім басқармасының облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық

кеңесінің (ОПМПК)

мамандары

күнбе-күн қабылдауда болатын кемтар балалардың мәселесін жекелей шешуде үлкен

ізденіс пен қажыр-қайраттылықтың арқасында шындалып келеді.

Әр түрлі санаттағы тұлғалар

баланың  белгілі бір мәселелерімен

тексеріске қабылдауды сұрап телефон соғып, өтініш білдіреді.Балалардың

мәселелері әр түрлі: мүгедектікті рәсімдеу, кемтарлығына байланысты қосымша

техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру, үйде әлеуметтік қолдау, үйде

оқыту, арнайы педагог мамандардың сабағы. Ең бастысы, баланың мәселесін шешу

барысында терең психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес

жүргізіледі.Алғашқы қолдауды,   

мүмкіндігі шектелген балалар, мүгедек балалар және олардың ата-анасы,

әлеуметтік қызметкерлер немесе тәрбиешілер қиын сәттерде әлеуметтік педагогтан

алады. Үміттерін үзген, көңілдері қалған, қиындық пен зұлымдықтан жапа шеккен,

өз беттерімен өздерінің түйткілдерін шеше алмаған жағдайда олар айнала

қоршаған  ортадан түсіністікті, сезімді,

адамгершілік қолдауды және нақты көмек күтеді. Осындай жағдайда сөзбен,

әсіресе,  іспен көмек көрсету, әрқайсысы

алдымен өздеріне деген сенімін жоғалтпауына нандыру, өздерінің құндылығын

бағалай білуге  бағыт-бағдар беруі -

әлеуметтік педагогтің ең басты міндетінің бірі.

Мемлекет тарапынан мүмкіндігі

шектелген балаларды қолдауға бағытталған шаралар қолданып жатқанымен, аталмыш

топқа кіретін балалардың  саны өсіп келе

жатыр.

  Мүмкіндігі 

шектелген балалардың  дамуы

туралы,  ОПМПК-нің 2012 жылдың

қорытындысының мәліметі бойынша  18 жасқа

дейінгі мүгедек  балалардың саны 2250.

Оның ішінде, тіл кемістігімен 1174 бала, тірек-қимыл аппараты  бұзушылықтарымен -712, көзі нашар көретін

кемістігімен – 174, құлағы нашар еститін кемістігімен – 170, тәртібі

бұзушылықтарымен – 76,  жүйкесінің

ауытқушылығымен -57,.   т.с.с

Мүмкіндігі шектелген

балалардың үйде оқыту, тәрбиелеу мәселелері, оқу-тәрбие үрдісінде арнайы

бағдарламалармен қамтамасыздандырылмау қиындықтары, кемтарлығына байланысты

арнайы қосымша техникалық құрал-жабдықтармен қамтылмауы осындай істердін алдын

алып, олардың ушығуына  жол бермейтін

білім басқармасының  облыстық

психологиялық –медициналық-педагогикалық кеңесі.

Әлеуметтік және

медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаты:

·       

Туа біткен және тұқым

қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудын ауытқушылықтарын  ерте бастан (туған кезден ) анықтау;

·       

Балалардың дамуындағы кенжелеп

қалу мен бұзылыстардың алдын алу, мүгедектіктің ауыр түрлерінен сақтандыру,

·       

Балалар мүгедектігінің

деңгейін төмендету;

·       

Кемтар балалардың дене, психика

және өзге де қабілеттерінің орнын толтыру немесе оларды қалпына келтіру,

олардың әлеуметтік құқықтарын іске асыру, неғұрлым толық әлеуметтік

бейімделуіне жәрдемдесу болып табылады.

Әлеуметтік

және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың міндеттері:

·       

Мүмкіндігі шектелген  балаларды анықтау мен оларды есепке алудын

бірыңғай  жүйесін құру;

·       

Арнаулы білім беруді және

арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

·       

Мүмкіндігі шектелген  балаларды 

әлеуметтік бейімдеу;

·       

Кемтар балалары бар

отбасыларын әлеуметтік қолдау;

·       

ОПМПК филиалдарын, ППКК-не

ұйымдастыру-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;

·       

Халықты әлеуметтік қорғау,

денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының кемтар балаларды әлеуметтік және

медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелері қызметін сабақтастыру;

ОПМПК –нің қарамағындағы

қызмет көрсететін аудандары Аршалы,Бұланды,Енбекшілдер, Зеренді, Сандықтау,

Қорғалжын,Шортанды.

Кемтар балаларды әлеуметтік

және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау баланың туғанынан басталып,

кәмелеттік жасқа толғанға дейін жүргізіледі.

Кемтар балаларды жаппай

кешенді медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік  тексеру мен кәсіби диагностика жүргізу,

оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, медициналық, педагогикалық,

психологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы

жүргізіледі.

ОПМПК

–де білімді, білікті, кәсіпкер мамандар жұмыс істейді.

Осы

мекеменің меңгерушісі дефектолог Урстембаева Роза Рахметовна, педагог-психолог

Алия Халелқызы Сеитова, мұғалім-логопед Сабурова Шынар Закарьякызы, әлеуметтік

педагог,тифлопедагог Дина Ғазезқызы Айтмағанбетова, дәрігер-психиатр Арман Уқсұқбайұлы

Тойбаев, дәрігер-сурдолог Айнұр Еренқызы Амиржанова, дәрігер-невропатолог

Ақжолтай Далел, сурдопедагог Газизова Алма Карабайкызы, медициналық статист

Тулебергенова Ирина Викторовна. 

Ата-анасынан жетім, панасыз

қалған балаларға  қол ұшын беретін, аз

қамсызданған жанұяда тәрбиеленіп жатқан кемтар балалардың: есту, көру

қабілеттері  бұзылған,  жүріп-тұру мүшелерінің  функциялары бұзылған, сөйлеу қабілеті

бұзылған, ақыл-ойы кенжелеп қалған, психикалық дамуы тежелген, эмоциялық –

ерік  жағынан және мінез-құлқы бұзылған

кемтар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда

тексеріп, ата-аналарына әр маман кәсіптік кеңес, ұсыныстар береді.

         Біздің

берген ұсыныстарымыз ары қарай  орындалып

жүзеге асыру мақсатында жеті ауданда Ақкөл, Енбекшілдер, Зеренді, Ерейментау,

Есіл, Жаксы, Бураба, Аршалы, Шортанды й аудандарында коррекциялық

психологиялық-педагогикалық кабинеттер (КППК) ашылып жұмыс істейді.

Арнаулы

білім беруді  ұйымдастырып, қызмет

көрсетуді жүзеге асыратын осы КППК мамандары. Әлеуметтік педагог Айтмағанбетова

Д.Ғ  мүгедек-балаларды олардың

ата-аналарын  қолдау мақсатында

мемлекеттік емес ұйымдармен және мейірімділік қорларымен (Облыстық мүгедек

балаларды қолдау орталығы, Мейірімділік-М қоры, Спешиал Олимпикс, ) тығыз

байланыс жасап, біріккен жоспар бойынша 

іс-шараларға қатысып ат салысады.

Балалардың шектеулі

мүмкіндіктері олардың белсенді болу ниетіне және «Өмір» атты жарқын кезеңге

толыққанды тартылуына шектеу бола алмайды.

         Егер

сізге,  біздің мекеменің мамандарының

көмегі қажет болса, мына телефонға 87162 40-19-11 хабарласыңыз:

Біздің мекен жайымыз: Көкшетау

қ.,Абай  к-сі 112А (облыстық кәсіподақ  ғимаратында)

 

 

 

 

Просмотров: 472


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст